Қазақтар әйгілі гроссмейстерлерге шапан жапты
Басқа
Астанада шахматтан 17-әлем чемпионы атағы үшін өткен матчтың жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Шахмат тәжі үшін матчтың марапаттау рәсімінде Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қытайлық Дин Лижэнь мен ресейлік Ян Непомнящийге шапан жапты.
Айта кетейік, екі шахматшы 14 классикалық партияда тең түсіп, жеңімпазды тай-брейкте анықтады. Олар тай-брейктің үш партиясында тең түсіп, төртіншісінің соңында ғана жеңімпазды анықтай алды.
Нәтижесінде жалпы 9,5:8,5 есебімен қытайлық Дин Лижэнь жеңіске жетті.