Шахмат: он үшінші партия да тең аяқталды

Шахмат: он үшінші партия да тең аяқталды
Басқа

Астанада өтіп жатқан шахмат тәжі үшін таластың соңғы 14-партиясы ғана қалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

13-партияда Ян Непомнящий ақ фигуралармен, Дин Лижэнь қара тастарменн ойнап, екі шахматшы тең тарқасты. Осылайша, 17-әлем чемпионы атағы үшін өтіп жатқан матчтағы есеп 6,5:6,5 болды. 

Сенбі, 29 сәуір күні соңғы 14-партия ойналады. Сол күні екі гроссмейстердің біреуі жеңіске жетсе, шахмат тәжі соған бұйырады. Ал екеуі тең түссе, тай-брейк ойналады.