Дин Лижэнь тең партиялар сериясын үзді

Дин Лижэнь тең партиялар сериясын үзді
Басқа

Шахматтан он жетінші әлем чемпионын анықтау үшін өтіп жатқан матчтың он екінші партиясы аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Он екінші партияда қытайлық гроссмейстер ақ тастармен, ал Ян Непомнящий қара фигуралармен ойнады. Соңғы ойында төрт партия бойы тең тарқасып жүрген екі шахматшы арасынан жеңімпаз анықталып, Дин Лижэнь бір ұпайға иелік етті. Осылайша, ол матчтағы есепті теңестірді - 6:6. 

Шахмат тәжі үшін таластың 13-партиясы бүгін Астана уақытымен 15:00-де басталады. 

Жалпы, матч ойыншылардың бірі 7,5 ұпай еншілегенге дейін жалғасады.