WBC және WBO International белбеулері сарапқа салынады: Кособуцкий шаршы алаңға қашан шығады

WBC және WBO International белбеулері сарапқа салынады: Кособуцкий шаршы алаңға қашан шығады
Бокс

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкийдің алдағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Белгілі журналист Майк Коппингердің мәліметінше, Жан Кособуцкий 1 шілдеде америкалық Джаред Андерсонмен өзара кім мықтыны анықтайды. Ал кездесу Огайо штатының Толедо қаласында өтеді.

23 жастағы Джаред Андерсон бұған дейін шаршы алаңға 8 сәуір күні АҚШ-тың Ньюарк қаласында шығып, доминикалық Джордж Ариасты мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша WBC және WBO International белбеулерінің иегері атанды.

Кособуцкий кәсіпқой бокста 19 мәрте жеңіске жетсе, соның 18-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Бұған дейін ол былтыр қарашада Германияның Оберхаузен қаласында жекпе-жек өткізіп, жергілікті боксшы Хуссейн Мухамедті мерзімінен бұрын жеңген болатын.