Непомнящий мен Лижэнь қатарынан төртінші рет тең түсті

Непомнящий мен Лижэнь қатарынан төртінші рет тең түсті
Басқа

Шахматтан 17-әлем чемпионы атағы үшін өтіп жатқан Астанадағы матчтың 11-партиясы тең аяқталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық гроссмейстер Дин Лижэнь он бірінші партияның 39-жүрісінде тең тарқасуға келісті. Бұл осы матч барысында өткен партиялардың арасында ең тез аяқталғаны болды. Екі шахматшы 1,5 сағаттың ішінде тең түсті.

Қазір есеп - 6:5. Ресейлік Ян Непомнящий әлі де алда келеді. Енді келесі партяия 26 сәуір күні өтеді.