Непомнящий мен Лижэнь оныншы партияда тең тарқасты

Непомнящий мен Лижэнь оныншы партияда тең тарқасты
Басқа

Астанада өтіп жатқан шахматтын 17-әлем чемпионы атағы үшін таластың оныншы партиясы аяқталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Оныншы партияда да ресейлік Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь өзара мықтыны анықтай алмай, тең тарқасуға келісті. Сөйтіп, партия тағы тең аяқталып, екі шахматшы 0,5 ұпайдан өз қоржындарына салды. Қазір матчтағы жалпы есеп 5,5:4,5 - ресйелік гроссмейстердің пайдасына.

Еске салайық, шахмат тәжі үшін таластың он бірінші партиясы бүгін Астана уақытымен 15:0-де басталады.