Қазақстан ұлттық құрамалары жаңаша жасақталады
Басқа
Қазақстан ұлттық құрамалары енді жаңаша жасақталады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі енді ұлттық құрамаларға республикалық және халықаралық жарыстарда 1-8 орындар аралығынан көрінген спортшылардың барлығы елдің басты командасы қатарына қосылатынын айтты. Бұған дейін ұлттық құрама тек чемпиондар мен жүлдегерлерден жасақталатын.
“Өзгеріс бокс, дзюдо, грек-рим күресі, биатлон, шаңғы жарысы, WTA таеквондо сынды спорт түрлеріне қатысты енгізілді”, - деп жазылған ведомстволық ұйым мәлімдемесінде.
Осылайша, енді ұлттық құраманың негізгі және қосымша құрамдарына жылдың басты республикалық және халықаралық турнирлерінде үздік ондықтан көрінген спортшылар шақырту алады.
“Спортшыларға ұлттық құрама есігі ашық болуы керек деп есептейміз. Әсіресе, бұл жастардың тәжірибе жинауына зор әсерін тигізеді. Өзгерістердің оң нәтижесін көреміз деген үміттеміз”, - деді Асхат Оралов.
11 сәуір күні дене шынықтыру мен спорт дамуының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілген болатын.