Рыбакина Штутгарттағы турнирдің екінші кезеңіне шықты

Рыбакина Штутгарттағы турнирдің екінші кезеңіне шықты
Теннис

Әлемнің жетінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 жарысының екіншә айналымына өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Топырақ төсеніште өтіп жатқан жарыстың 1/16 финалында отандасымыз корт Юле Нимайерді 7:5, 6:3 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Ширек финалға шығу үшін қазақ теннисшісі бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен сынға түседі.