Жәнібек Әлімханұлы әлемдік боксқа зиян тигізді деп сыналды

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік боксқа зиян тигізді деп сыналды
Бокс

Penalty.kz

Boxingscene.com және RingTV порталдарының журналисі, америкалық Франсиско А. Саласар қазіргі боксшылардың рингте емес, әлеуметтік желіде бір-біріне шабуыл жасауын қатты сынады, деп жазады Bassport.kz.

Ол мұндай әрекеттер жанкүйерлердің қызығушылығын азайтып, спорттың абыройына кері әсер ететінін атап өтті. Саласардың пікірінше, мұның айқын мысалы – орта салмақтағы әлем чемпиондары Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасындағы үздіксіз онлайн айтыс.

«Әуелі Шакур Стивенсон мен Джервонта Дэвис, кейін Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес, енді Ксандер Зайас пен Вёрджил Ортис әлеуметтік желіде қақтығысып жүр. Бұл жанкүйерлерді алыстатады әрі боксқа зиян келтіреді. Негізгі айқастар рингте өтуі тиіс», — деп жазды Саласар өзінің Х парақшасында.