Непомнящий шахмат тәжі үшін таласта көш бастады

Непомнящий шахмат тәжі үшін таласта көш бастады
Басқа

Шахматтан 17-әлем чемпионы атағв үшін өтіп жатқан матчтың жетінші партиясы аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жетінші  партияда ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий ақ фигуралармен, ал аспан асты елінің спортшысы Дин Лижэнь қара тастармен ойнады. 

Партияның 37-жүрісінде қытайлық шыхматшы жеңілгенін мойындады. Осылайша, Ян Непомнящий есепте тағы көш бастады - 4:3. 

Еске сала кетейік, матч ойыншылардың біреуі алғаш болып 7,5 ұпай жинағанға дейін жалғасады. Егер екі шахматшы тең түссе, тай-брейк ойналады.