Шахмат: Ян Непомнящий есепте тағы алға шықты
Басқа
Астанада өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өтіп жатқан матчтың бесінші партиясы ресейлік гроссмейстер пайдасына шешілді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бесінші партияда Ян Непомнящий ақ тастармен, ал қытайлық Дин Лижэнь қара фигуралармен ойнады. Кездесу 48-жүрісие ресейлік шахматшының пайдасына аяқталды. Енді екі гроссмейстер теке-тіресіндегі есеп - 3:2.
Еске салайық, шахматтан әлем чемпионы атағын партияда алғаш болып 7,5 ұпай жинаған спортшы иеленеді. Ал алтыншы партия бүгін, Астана уақытымен 15:00-де басталады.