WBC титулы сарапқа салынады: Фируза Шарипова жаттығуға кірісті

WBC титулы сарапқа салынады: Фируза Шарипова жаттығуға кірісті
Бокс

Бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова өзінің келесі жекпе-жегіне дайындығын Санкт-Петербургте өткізіп жатыр, деп хабарлайды Bassports.kz спортшының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жерлесіміздің қарсыласы – Малави өкілі Рут Чисейл. Бұл жекпе-жекте WBC Silver атағы сарапқа салынады.

Айқастың өзі 20 мамырда «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтеді. Белбеу иегері абсолютті әлем чемпионы Кэти Тейлормен кездесуге үміткер атанады.