Шахмат тәжі үшін талас: үшінші партия да тең аяқталды

Шахмат тәжі үшін талас: үшінші партия да тең аяқталды
Басқа

Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өтіп жатқан матчтың үшінші партиясы да тең аяқталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Үшінші партияда Ян Непомнящий ақ фигуралармен, қытайлық гроссмейстер қара тастармен ойнады. 30-жүрісте екі шахматшы тең түсіп, 0,5 ұпайдан еншіледі. 

Қазір ресейлік шахматшының қоржынында 2, ал Дин Лижэньде 1 ұпай бар. 

Матчтың төртінші партиясы бүгін, 13 сәуір күні Астана уақытымен 15:00-де басталады.