"Милан" бірінші матчта "Наполиді" жеңіп кетті

Футбол

Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңі ширек финалының алғашқы матчында "Милан" "Наполиді 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Кездесудегі жалғыз голды алаң иелері сапынан орталық қорғаушы Исмаэль Беннасер соқты. Ал 74-минуттан бастап "Наполи" кем құрамда ойнады. Екі рет сары қағаз алған Франк Ангисса алаңнан қуылды. 

Командалар арасындағы қарымта кездесу 18 сәуір күні Неапольде өтеді.