Олимпиада және әлем чемпиондарына берілетін сыйақы мөлшері белгіленді
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Олимпиада ойындары жеңімпаздары мен әлем чемпиондарына берілетін сыйақы туралы бұйрықты әзірлеп, қоғамдық талқылауға ұсынды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Жазғы және қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында бірінші орын алған спортшыларға 250 мың доллар, күміс медаль иегерлеріне 150 мың доллар, ал қола алғандарға 75 мың доллар көлеміндегі сыйақы белгіленді. Сонымен қатар, сыйақы 4,5 және 6-орын алған спортшыларға да беріледі.
Олимпиадалық спорт түрлерінен әлем рекордын орнатқан спортшыға қосымша 5 мың доллар беріледі.
Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында топ жарғандарға 15 мың доллар берілсе, екініш орынға 7 мың және қола жүлдеге 5 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалады.
Жазғы, қысқы Азия ойындарындағы бірінші орынға 10 мың доллар беріледі. Ал екініш орын алған спортшылар 5 мың доллар, үшінші орынға 3 мың доллар сыйақы беріледі.
Дүниежүзілік Универсиада ойындарында (жазғы, қысқы) чемпион атанғандар 15 мың доллар сыйақы алса, күміс медальға 10 мың, қолаға 5 мың доллар беріледі.