Жалғас Жұмағұлов жеңіліп көрмеген файтермен кездесетін болды

Жалғас Жұмағұлов жеңіліп көрмеген файтермен кездесетін болды
Жекпе-жек

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

6 мамыр күні Ньюаркада өтетін UFC 288 турнирінде отандасымыз жеңіліп көрмеген бразилиялық аралас жекпе-жек шебері Рафаэль Эстеваммен шеберлік байқасады. Бұл бразилиялық спортшының промоушендегі алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов америкалық Натан Мэнесспен кездесуі керек еді, алайда ол жарақат алуына байланысты турнирге қатыспайтынын мәлімдеді.