Bassport порталының мобильді қосымшасы іске қосылды

Bassport порталының мобильді қосымшасы іске қосылды
Басқа

Қазақстан және әлем спорты жайлы үздіксіз хабар тарататын Bassport порталының мобильдік қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Мобильдік қосымшаны дәл қазір (Android, iOS нұсқалары үшін) Play Market және App Store желісінен жүктеп алуға болады.

 Bassport – қазақ тіліндегі бірінші спорт тақырыбындағы мобильді қосымшасы. Қазақстан және әлемдік спортты кеңінен қамтиды. 

Спорт әлеміндегі соңғы жаңалықтар, аналитикалық мақалалар мен спорттық іс-шаралардың трансляциялары, соның ішінде Құрлықтық хоккей лигасындағы “Барыс” матчтары бар.