Боб Арум Әлімханұлының келесі жекпе-жегіне қатысты пікір айтты

Боб Арум Әлімханұлының келесі жекпе-жегіне қатысты пікір айтты
Бокс

WBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының промоутері спортшының келесі жекпе-жегіне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Әлем чемпионы атағы үшін болатын екі жекпе-жекті Стоктон қаласында өткізе алатынымыз үшін қуаныштымыз. Орта салмақтағы боксшылардың бәрі Жәнібектен қашады, бірақ Стивен Батлер еш ойланбастан жұдырықтасуға келісім берді", - деді Боб Арум. 

Еске салайық, жекпе-жек 13 мамыр күні "Стоктон-Аренада" (Калифорния, АҚШ) өтеді.