Келесі жекпе-жегі жарияланған Qazaq Style мәлімдеме жасады

 Келесі жекпе-жегі жарияланған Qazaq Style мәлімдеме жасады
Бокс

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стивен Батлермен жұдырықтасатыны белгілі болғаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Барлық орта салмақтағы боксшылар менен қорқып, қашып кетті. Сондықтан кездесуге келіскені үшін Стивенге алғыс айтамын. Ол өте мықты қарсылас, сондықтан Стоктонда және ESPN арнасының алдында жиылатын жанкүйерлерге ұмытылмас шоу сыйлайтын күнді асыға күтемін",- деді Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының WBO тұжырымдамасындағы әлем чемпионы атағын екінші рет қорғауы 13 мамыр күні Калифорния штатында өтеді.