Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі мен өтетін күні белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі мен өтетін күні белгілі болды
Бокс

“Top Rank” промоутерлік компаниясы WBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Qazaq Style өзінің әлем чемпионы атағыр екінші мәрте 13 мамыр күні Стоктонда (Калифорния штаты) қорғайды. Қарсыласы - 27 жастағы канадалық былғары қолғап шебері Стивен Батлер. 

Бұған дейін WBO қазақстандық боксшы рейтинг үздігі Лиам Смитпен жұдырықтасады деп жариялаған. Алайда ол осы жазда Крис Юбанктан реванш алу үшін жекпе-жек өткізбекші екен.