Елена Рыбакина Майамидегі келесі қарсыласы туралы пікір білдірді

Киберспорт
Теннис
WTA рейтингісінде жетінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ширек финалдағы қарсыласы италиялық Мартина Тревизан (#24, WTA) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Жеңіл матчтардың бірі болмасы анық. Ол солақай болғандықтан, жақсвлап дайындалуым керек. Оған қоса, екеуміз бұрын-соңды бір-бірімізге қарсы ойнамағанбыз. Қалпыма келіп, күш жинап, физикалық тұрғыда тың болуға тырысамын”, - деді матчтан кейін Елена Рыбакина.
Еске салайық, 27 наурыздан 28-іне қараған түні отандасымыз 1/8 финалда бельгиялық Элизе Мертенсті жеңді.