Қазақстанның басты үміті әлем чемпионатын сәтті бастады

Қазақстанның басты үміті әлем чемпионатын сәтті бастады
Бокс

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Алуа Балқыбекова алғашқы қарсыласын жеңді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Ол 48 келіге дейін салмақта 1/16 финалда Сингапурдан келген Кей Ван Чи Ваймен кездесті. Отандасымыз төрешілердің бірауыздан шешімімен келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, Алуа Балқыбекова былтыр Стамбұлдағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер болған. Сонымен қатар 2022 жылғы Азия чемпионы. Бүгін Алуадан бөлек, Жайна Шекербекова (54 келі) мен Надежда Рябец (66 келі) Оңтүстік Корея боксшыларымен жолығады.