Қазақстандық спортшы әлем кубогы іріктеу кезеңінде бірінші болды

Қазақстандық спортшы әлем кубогы іріктеу кезеңінде бірінші болды
Қысқы спорт

Фристайлдан Алматыдан өтіп жатқан әлем кубогының финалдық кезеңінде могулдан ерлер арасындағы іріктеу сыны мәресіне жетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл кезеңде қазақстандық Павел Колмаков 79,44 ұпай еншілеп, үздік шықты. Іріктеуде швециялық спортшылар Вальтер Валльберг (78,71) пен Филип Гравенфорс (77,59) екінші және үшінші орындарға тұрақтады. 

Тағы бір отандасымыз Антон Бонларев болса, 70,25 ұпаймен 17-орынға табан тіреп, 16 финалистің тізіміне енбей қалды.