Бивол қатысатын бокс кешінің толық карды жарияланды
Matchroom Boxing
Жартылай ауыр салмақта WBA, WBO, IBF және The Ring нұсқалары бойынша әлем чемпионы, ресейлік Дмитрий Бивол ұлыбританиялық Каллум Смитпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Бивол мен Смит арасындағы кездесу 12 желтоқсанда Екатеринбург қаласында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ. Кештің екінші басты жекпе-жегінде венесуэлалық Альберт Рамирес пен ресейлік Шарабутдин Атаев 79,4 келіге дейінгі салмақта WBA нұсқасы бойынша тұрақты әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Бокс кешінің толық карды:
Дмитрий Бивол (Ресей) – Каллум Смит (Ұлыбритания);
Альберт Рамирес (Венесуэла) – Шарабутдин Атаев (Ресей);
Бахрам Мұртазалиев (Ресей) – Хоан Гонсалес (АҚШ);
Вадим Туков (Ресей) – Лукас Бастида (Аргентина);
Денис Савицкий (Ресей) – Кейван Сафари (Иран);
Руслан Никитин (Ресей) – Магомед Тиновасов (Ресей);
Алмаз Орозбеков (Қырғызстан) – Михаил Тарханов (Ресей).
Осылайша, Екатеринбургте өтетін бокс кешінде барлығы 7 жекпе-жек ұйымдастырылады.