Димашқа Мексикада Бүкіләлемдік бокс кеңесінің құрметті белбеуі табысталды

Димашқа Мексикада Бүкіләлемдік бокс кеңесінің құрметті белбеуі табысталды
Бокс

Instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) құрметті белбеуі табысталды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.

Марапаттау рәсімі кеше, 19 қарашада Мексика астанасы Мехикода өткен әншінің жеке концерті кезінде ұйымдастырылды.

Бокс ұйымының өкілдері Palacio de los Deportes аренасының сахнасына көтеріліп, өнер иесіне арнайы белбеуді табыс етті. Олар Димаштың халықаралық деңгейдегі жетістіктері мен елдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Концерттен кейін әнші әлеуметтік желіде фотосуреттер бөлісіп, WBC ұйымына алғыс білдірді. Ол музыка мен спортты тәртіп, рухтың мықтылығы және кемелдікке ұмтылу біріктіретінін жеткізді.

Бұл құрметті белбеу кәсіпқой бокстан тыс салалардағы айрықша жетістіктер үшін беріледі. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осы беделді ұйымның орта салмақтағы чемпиондық титулына қазақстандық Геннадий Головкин иелік еткен болатын.