Ангелина Лукас кезекті жекпе-жегін Германияда өткізеді

Ангелина Лукас кезекті жекпе-жегін Германияда өткізеді
Бокс

Instagram/@Angelina_lukas1997

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас келесі жекпе-жегін 21 қараша күні Германияның Ландсхут қаласында өтетін бокс кешінде өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.  

Instagram-дағы парақшасында боксшы алдағы айқасын Аргентина өкіліне қарсы өткізетінін хабарлады. Сондай-ақ Лукас өзінің тарихи отаны санайтын Германияға қайта оралатынын және онда Қазақстанның намысын лайықты қорғауға ниетті екенін атап өтті.

– Бокс – менің құштарлығым, мінезім және таңдаған жолым. Мен міндетті түрде дегеніме жетемін! Есімімді тарихта қалдырып, келешек жас буынды шабыттандырғым келеді, - деп жазды Ангелина Лукас.

Отандасымыз шаршы алаңға бұған дейін 2025 жылдың 13 желтоқсанында Дубайда шықты. Сол айқаста ол танзаниялық Эгине Каянгены мерзімінен бұрын жеңген еді.