Әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын 11 қазақстандық боксшы белгілі болды
IBA
Қазақстан бокс құрамасының бапкерлер штабы 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын 11 спортшының тізімін бекітті, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
31 елдің былғары қолғап шеберлері жиналатын беделді додада Қазақстан атынан 11 боксшы (алты ер, бес әйел) шаршы алаңға шығады.
Ерлер құрамасы:
• 50 келіге дейін: Даниял Сәбит
• 70 келіге дейін: Фарух Тоқтасынов
• 75 келіге дейін: Аман Қонысбеков
• 80 келіге дейін: Диас Молжігітов
• 85 келіге дейін: Сұлтанбек Айбарұлы
• 90 келіге дейін: Дәулет Төлемісов
Әйелдер құрамасы:
• 57 келіге дейін: Карина Ибрагимова
• 70 келіге дейін: Бақыт Сейдіш
• 75 келіге дейін: Шұғыла Нәлібай
• 80 келіге дейін: Валерия Аксенова
• 80 келіден жоғары: Дина Исламбекова
Айта кетейік, турнирдің шешуші финалдық жекпе-жектері 3 желтоқсанға жоспарланған.