Чемпиондар лигасы: "Наполи" тұңғыш рет ширек финалда бақ сынайды

Чемпиондар лигасы:
Футбол

Италиялық "Наполи" тұңғыш рет Чемпиондар лигасы ширек финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Opta Sports" телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Сегізден бір финалда "Наполи" немістің "Айнтрахт" клубын жеңді. Италиялық клуб бірінші матчта 2:0, қарымта кездесуде 3:0 есебімен жеңіске жеткенін айта кету керек.

Еске салайық, Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребе тарту рәсімі ертең, 17 наурыз күні өтеді. 1/4 финалдың алғашқы матчтары 11-12 сәуір, ал қарымта кездесулер 18-19 сәуір күндері өтеді деп жоспарланып отыр.