Бадминтоннан ұлттық құрама көшбасшысы халықаралық жарыстың 1/8 финалына шықты
Басқа
Дмитрий Панарин / Сурет: Olympic.kz
Бұл күндері Астана қаласы бадминтоннан ірі халықаралық турнирді қабылдап жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин 1/8 финалға жолдама алды.
1/16 финалда отандасымыз Үндістан өкілі Арья Бхивпатакиді 2:0 есебімен жеңді.
Келесі кездесуін Панарин 19 желтоқсанда өткізеді. Ширек финалға шығу үшін ол Иран спортшысы Нима Ростампурлагалданимен кортқа шығады.