"Жетісу" клубына жаңа бас бапкер тағайындалды
Футбол
Қайрат Нұрдәулетов / Сурет: Қазақстан футбол федерациясы
"Жетісу" футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қазақстан Премьер-Лигасының жаңа маусымында клубты Қайрат Нұрдәулетов жаттықтырады.
43 жастағы маман 2023-2024 жылдары "Жетісудың" бас бапкері қызметін атқарған. Одан кейін павлодарлық "Ертістің" тізгіні ұстады. Өткен маусымда ол көкшетаулық "Оқжетпестің" бас жаттықтырушысы қызметін атқарды.
Еске салайық, өткен маусымда "Жетісу" командасын Самат Смақов жаттықтырған. Оның қол астында команда 21 ұпай еншілеп, турнирлік кестеде 12-орынға табан тіреген.