"ПСЖ" Мбаппеге 60 млн еуро төлеуге міндеттелді

Футбол

Килиан Мбаппе / Сурет: Getty Images

Килиан Мбаппе "ПСЖ" клубымен болған сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Енді франциялық команда ойыншыға 60 млн еуро төлеуі керек. Бұл сот процесі өткен жылдан бері жалғасып келеді. Клуб Килианмен келісімшарттың соңғы айларында жалақы төлемеген. 

Қараша айында Килианың клубтан сот арқылы 263 млн еуро талап еткені белгілі болған. Бұл соманың ішінде жалақы және сыйақы, сонымен қатар командадағы қарым-қатынас үшін төленуі керек өтемақы болған.