Үздік таеквондошыларға “Мұстафа Өзтүрік жүлдесі” табысталды
Сурет: Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы
Шымкентте Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының жылды қорытындылауға арналған “Мұстафа Өзтүрік жүлдесі” шарасы өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Федерация басшысы Кудрәт Шәмиевтің бастамасымен өткен жүлдеде спорт маусымы қорытындыланып, 2025 жылы жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер және серіктестер марапатталды.
Іс-шара барысында Дүниежүзілік жазғы Универсиада, ересектер арасындағы және 21 жасқа дейінгі таеквондошылар арасындағы Әлем чемпионаттары, Азия чемпионаттары, пара таеквондо және сурдотаеквондо бағыттары бойынша жүлдегер атанған спортшылар марапатталды.
Атап айтсақ, Усидегі әлем чемпионатында ел қоржынына тарихи қос қоланы салған Нодира Ахмедова мен Айдана Құмартаева жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар, Универсиадада топ жарған Самирхон Абабакиров пен Кенияда өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде тұғыр биігіне көтерілген Бейбарыс Қаблан мен Батырхан Төлеуғали және осы жарыста қола жүлдегер атанған Тамерлан Тілеулес марапатталды.

Барлық номинанттарға арнайы статуэткалар мен ақшалай сыйақылар табысталды.