Қазақстан қоржыны қысқы Олимпиадаға жолдамалармен толықты

Қазақстан қоржыны қысқы Олимпиадаға жолдамалармен толықты
Қысқы спорт

Евгений Кошкин / Сурет: Olympic.kz

Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына тағы 12 лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Конькимен жүгіруден 14 қараша мен 14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен әлем Кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 лицензия жеңіп алды. 

Лицензия иегерлерінің есімі мен спортшылар саны ұлттық құрама бас бапкерінің шешімінен кейін белгілі болады. 

Болжам бойынша, 2026 жылғы қысқы Олимпиадада конькимен жүгіруден ел намысын 5 спортшы қорғайды. 

Лицензия бойынша ақпарат:

Ерлер:

500 метр – 1 лицензия

Әйелдер:

500 метр – 2 лицензия

1000 метр – 2 лицензия

1500 метр – 2 лицензия

3000 метр – 2 лицензия

5000 метр – 1 лицензия

Масс-старт – 1 лицензия

Командалық жарыс – 1 лицензия

Жалпы, қазіргі таңда ұлттық құрама қоржынында спорттың үш түрінен 23 лицензия бар. Мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина ел қоржынына Ақ Ойындардың екі жолдамасын салса, шорт-трекшілер 9 лицензияға иелік еткен еді.