2026 жылғы әлем чемпионының сыйақы мөлшері қанша болмақ

2026 жылғы әлем чемпионының сыйақы мөлшері қанша болмақ
Футбол

Сурет: Christian Charisius/AP

Халықаралық футбол федерациясы 2026 жылы АҚШ, Мексика мен Канадада өтетін әлем чемпионатындағы сыйақы мөлшерін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

ФИФА ұлттық федерациялар арасында жалпы 727 миллион долларды үлестірмек. Бұл соманың 655 млн доллары - жүлде қоры.

2026 жылы әлем чемпионы атанатын ұлттық құрама 50 млн доллар сыйақы алады. Жарыстың күміс жүлдегеріне 33 млн, үшінші орын алған командасына 29 млн доллар беріледі. Ал өзге құрамаларға сыйақы келесідей үлестіріледі:

- 4-орын - 27 млн доллар;

- 5-8-орын - 19 млн доллар;

- 9-16-орын - 15 млн доллар;

- 17-32-орын - 11 млн доллар;

- 33-48-орын - 9 млн доллар.

Сонымен қатар, іріктеуден өткен әр құрамаға ФИФА әлем чемпионатына дайындық үшін жұмсалатын шығынын жабатындай 1.5 млн доллар береді. Демек, барлық қатысушы құрама әлем чемпионатында өнер көрсеткені үшін кем дегенде 10.5 млн доллар алады.