Алғашқы екі турда 69 футболшы ҚПЛ-да дебют жасады
Футбол
Футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы екі турында 69 футболшы Премьер-Лигадағы деюттік матчтарын өктізген, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Дебютанттардың ең көбі "Оқжетпес" клубында - 10, ал "Тобылдың" 8 ойыншысы Премьер-Лигадағы алғашқы матчын өткізген. Алғашқы екі турда тек "Ақсуда" ғана дебютант болмаған, тіпті "Шахтер", "Қайрат" пен "Мақтаарал" командаларының өзінен екі футболшыдан ҚПЛ-дағы алғашқы матчтарында өнер көрсеткен.
Осы 69 дебютант футболшының ішінен тек сегізі ғана Қазақстан футбол мектебінің тәрбиеленуішлері: Мейрамбек Қалмырза, Бексұлтан Шәмші, Бексұлтан Амангелді (барлығы - "Оқжетпес"), Ислам Чесноков, Бейбіт Ғалым, Бекзат Ермекбаев (барлығы - "Тобыл"), Богдан Савкив ("Шахтер"), Давид Есимбеков ("Жетісу").