Париж Олимпиадасына 3,2 млн билет сатылып үлгерді

Париж Олимпиадасына 3,2 млн билет сатылып үлгерді
Басқа

2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындары билеті сатылымының бірінші кезеңінде 3,2 миллионнан астам билет сатылып үлгерді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "AFP" басылымына сілтеме жасап. 

15 ақпан күні басталған сатылымның бірінші кезеңінде 10,5 миллион билеттің 3,25 миллионы сатып алуға қолжетімді болды. Билеттерді сатып алушылардың көп бөлігі - франциялықтар, десе де жанкүйерлер арасында 158 елдің азаматтары бар. 

Билеттердің 13%-ы 24 еуроға, 70%-ы 100 еуродан төмен, 4,5%-ы 200 еуродан қымбат бағада сатыды. 

1,5 миллион билет сатылымға шығатын келесі кезең 15 наурыз күні басталады. 

Ұйымдастырушылар 2024 жылғы жазғы ойындардың билеттері сатылымынан 1,4 млрд еуро көлемінде пайда түседі деп жоспарлап отыр. 

Айта кетейік, Париждегі төрт жылдықтың басты додасы 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.