Жібек Құламбаева Колумбиядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Жібек Құламбаева Колумбиядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды
Теннис

ҰОК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Колумбияның Сопо қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Отандасымыз жұптық сында словениялық Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалда қазақстандық-словениялық жұп аустралиялық Теника Макгиффин мен Александра Осборнға қарсы кортқа шықты. Кездесу екі сетке созылып, Жібек Құламбаева мен Вероника Эрьявец 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Енді финал жолдамасы үшін олар америкалық Рашида Макаду мен Анна Роджерспен кездеседі.