Қазақстандық балуандар Таиландтағы турнирде топ жарды

Қазақстандық балуандар Таиландтағы турнирде топ жарды
Жекпе-жек

UWW

Қазіргі таңда Таиландтың Сирача қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды. Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін) және Данияр Қанағатбек (72 келіге дейін) қарсылас шақ келтірмей, алтын тұғырға көтерілді. 

Айта кетейік, жарыс 22 қарашаға дейін жалғасады.