Екі спортшымыз мәнерлеп сырғанаудан Tallinn Trophy турнирінде бақ сынайды
Қысқы спорт
Olympic.kz
Эстонияның Таллин қаласында Challenger сериясына кіретін мәнерлеп сырғанаудан Tallinn Trophy халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан намысын Никита Кривошеев пен Артур Смағұлов қорғайды.
18 қарашада спортшылар қысқа бағдарламаны орындаса, 19 қарашада еркін бағдарламада өнер көрсетеді.
Ерлер арасындағы бәсекеде 24 спортшы жүлдеге таласады.