Астанадағы Гран-при финалында 4 қазақстандық таеквондошы ел намысын қорғайды
Жекпе-жек
ҰОК
Қазақстан таеквондо федерациясы (WT) Астанада өтетін Гран-при финалына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған жарыстан ел намысын 4 таеквондошы қорғайды. Ерлер арасында Тамирлан Тілеулес (58 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) өнер көрсетеді. Ал әйелдер арасында Рита Бакишева (49 келіге дейін) және Мария Севостьянова (57 келіге дейін) сынға түседі.
Айта кетейік, турнир 28-29 қараша аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.