Айым Мейіржанова Эстонияда екі жүлде жеңіп алды

Айым Мейіржанова Эстонияда екі жүлде жеңіп алды
Басқа

Қазақстандық көркем гимнасшы Айым Мейіржанова Эстонияда өткен Әлем кубогы кезеңінде екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ол таспамен көрсеткен өнері үшін күміс медаль жеңіп алса, шығыршықпен сынға түскенде үздік үштікті түйіндеді.

Бұған дейін Эльжана Таниеваның осы Тартуда өткен бәсекеде күміс жүлде еншілегенін жазған болатынбыз.