Олимпиада жүлдегері базарда сауда жасап жүр (ВИДЕО)

Олимпиада жүлдегері базарда сауда жасап жүр (ВИДЕО)
Басқа

Курсив

Рио-2016 Олимпиадасының күміс жүлдегері, ауыр атлетикадан Қазақстан атын әлемге танытқан Жазира Жаппарқұл бүгінде базарда саудамен айналысып жүргенін айтты. Бұл туралы ол «Aqyrys Seitqazy» YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

— Мен ешкімнің нанын тартып алып жатқан жоқпын. Ешкімнің орнын басқан емеспін. Егер жай ғана үйде отырып ішіп-жеп кетсем, «ештеңе бітірмеді» дейтін едіңдер, — деді Жазира.

Спортшының айтуынша, сауда саласына ешкім мәжбүрлемеген, барлық тауарды өзі таңдап, өзі алып келеді. Кейде клиенттер оның кім екенін танып таңданып жатады екен.

Айта кетейік, Жазира Жаппарқұл - 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері ғана емес, сондай-ақ әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері (Алматы–2014, Хьюстон–2015).