Павел Колмаков әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жерде тоқтады

Павел Колмаков әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жерде тоқтады
Қысқы спорт

Фристайл могулдан Грузияның Бакуриани қаласында өтіп жатқан әйелдер мен ерлер арасындағы әлем чемпионатында бір спортшымыз жүлдеге бір қадам жерде тоқтады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстандық Павел Колмаков жарыс нәтижесінде қола медальға бір адым жетпей, төртінші орынға табан тіреді.

Жарыс қорытындысы:

1. Микаэль Кингсбери (Канада) - 89.82

2. Мэтт Грэм (Аустралия) - 88.90 

3. Вальтер Вальберг (Швеция) - 88.52

4. Павел Колмаков (Қазақстан) - 83.99

Ұлттық құраманың тағы бір мүшесі Антон Бондарев жарысты іріктеу сынында аяқтады.