Юлия Галышева кәсіби мансабын аяқтады ма?

Юлия Галышева кәсіби мансабын аяқтады ма?
Қысқы спорт

Фристайл-могулдан Олимпиада ойяндарының қола жүлдегері Юлия Галышева әлеуметтік желідегі парақшасынжа кәсіби мансабын аяқтағанын меңзейтін бейнежазба жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Спортшы суреттің астына:

“2010/2022”, - деп жазба қалдырған.

Ал бейнежазба Юлия Галышеваның ірі халықаралық жарыстардағы суреттерінен жасалған. 

Еске сала кетейік, Юлия Галышева 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2019 жылғы әлем біріншілігінің жеңімпазы.