«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
Футбол

«Ордабасы» футбол клубы

«Ордабасы» футбол клубы мен бас бапкер Андрей Мартин өзара келісім бойынша еңбек шартын ұзартпау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті. Андрей Михайлович 2024 жылдың желтоқсанында «Ордабасының» негізгі командасын тізгіндеп, алғашқы маусымында-ақ команданы Қазақстан кубогының финалына алып шықты. 2026 жыл шымкенттік клуб үшін тарихи маусым болды. Андрей Мартиннің жетекшілігімен «Ордабасы» Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын да жеңіп алды. Осылайша клуб өз тарихында алғаш рет алтын дубль жасады. Молдовалық маман 1974 жылдың 27 маусымында дүниеге келді. Футболшылық мансабында қорғаушы, жартылай қорғаушы шебінде ойын көрсеткен. 2008 жылдан бері бапкерлік қызметпен айналысады. Екі жыл бұрын «Петрокуб» клубының тізгінін ұстады. Қазірге дейін бапкер сол елдің «Петрокуб» командасында тізгінін ұстады. 2023/2024 жылғы маусымда аталған ұжыммен Молдова чемпионаты мен Молдова Кубогын жеңіп алды. Команда УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде ойын көрсетті. Алдағы жылы «Ордабасы» еліміздің атынан UEFA Чемпиондар лигасында бақ сынайды.