Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының алтынына таласады
Бокс
ҰОК
Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан ширек финалдық жекпе-жектер жалғасып жатыр. Бүгін, 10 қарашада Қазақстан атынан шаршы алаңға Бибарыс Әшірбай шықты, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Бангладеш өкілі Нойон Трипура Джанимен кездесті. Нәтижесінде Бибарыс Әшірбай қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) 1/2 финалға өткен еді.