Коррупция: Токио Олимпиадасы ұйымдастырушылары тұтқынға алынды

Коррупция: Токио Олимпиадасы ұйымдастырушылары тұтқынға алынды
Басқа

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары ұйымдастырушылар комитетінің жетекшісі Ясуо Мори мен жапониялық үш ірі компанияның басшылары төртжылдықтың басты додасын өткізуде алаяқтық жасады деген күдікпен тұтқынға алынды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Төртеуі де монополияға қарсы заңды бұзды деп айыпталып отыр. 

Олимпиада ойындарын өткізетін жерлер таңдалғанда, кейбір келісімшарттарға тек бір компания ғана үміткер болғаны анықталған. Прокурорлар бұл алдын-ала келісілген келісімшарттардың ашылуының басы екенін, қатарға әлі көптеген компаниялар қосылуы мүмкін екендігін айтып отыр. Егер күдіктілер монополияға қарсы заңды бұзғандарын мойындаса, бес жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.