“Барыс” капитаны қаңтардың үздік голының авторы атанды

“Барыс” капитаны қаңтардың үздік голының авторы атанды
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы ресми сайты қаңтардың үздік голдарының тізімін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Тракторға” қарсы өткен матчта Никита Михайлистің овертаймда соққан шешуші голы айдың үздік голдары көшін бастады. “Барыс” шабуылшысы қарсылас алаңына шайбаны өзі алып кірді және қақпаны айналып өтіп, соққы жасады.