Қазақстандық боксшы жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты

Қазақстандық боксшы жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты
Бокс

ҰОК

Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокс бәсекелері басталды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін, 7 қарашада Қазақстан құрамасынан Бибарыс Әшірбай шаршы алаңға шықты. Отандасымыз 70 келі салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде Ливия өкілі Мохамед Джихадпен жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының 1/4 финалына шықты.