Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалына шықты
Бокс
ҰОК
Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақта алғашқы финалға шыққан былғары қолғап шебері анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Жартылай финалдық кездесуде алматылық Назым Қызайбай шымкенттік Жайна Шекербековамен қолғап түйістірді.
Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер бір ауыздан (5:0) жеңісті Назым Қызайбайға берді. Осылайша, ол алтын медаль үшін таласу мүмкіндігін алса, әлем және Азия біріншіліктерінің бірнеше дүркін жүлдегері Шекербекова турнирдің қола жүлдесін қанағат тұтты.